ТІРКЕУ КЕҢСЕСІ

Тіркеу кеңсесінің негізгі мақсаттары:

·         ОҚМУ сапа саласындағы Саясаты мен Мақсаттарын іске асыру;

·         сапа саласындағы міндеттемелерді және СМЖ талаптарын орындау;

·         білім алушының негізгі мақсатына жету бойынша жұмыс жүргізу;  таңдалған мамандық бойынша білім алу  

·         КОТ жұмыстарын жүргізу бойынша факультет/Жоғары мектеп администраторларының әрекетін ұйымдастыру және бақылау;

·         білім алушылардың жеке оқу жоспарларын қалыптастыруды ұйымдастыру және мамандықтың жұмыс оқу жоспарларын орындалуын бақылау;

·         аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, білім алушылардың академиялық рейтингін есептеу (жылдық аударма GPA);

·         оқытудың барлық кезеңінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тіркеу және тарихын есепке алу;

·         білім алушылардың контингенті бойынша бұрықтарды дайындау (ауысуы, қайта келу, шәкіртақы тағайындау, тәжірибеге бағыттау, ДЖ тақырыптарын бекіту, ғылыми жетекшілерді тағайындау және т.б.);

·         жаңа білім бағдарламаларын игеру деңгейін әділетті бағалау үшін білім алушылардың білімдерін, ептіліктерін және дағдыларын бақылауды жүзеге асыратын жаңа тест технологияларын еңгізуді ұйымдастыру;

·         бекітілген кесте бойынша білім алушылардың емтихан сессиясын жүргізу үшін білім алушылардың білімін бағалаудың тесттік және басқа да бақылау формаларының қорын жасау және мәліметтер жинау;

·         жаңа компьютер технологиялары негізіндегі тест материалдарын жасау мен қолдану процестеріне ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық (бағдарламалық) ықпалды қамтамасыз ету;    

·         білім алушылар контингентінің қозғалысына санақ және санақты есеп жүргізу;

·         бос мемлекеттік білім беру гранттарын беру үшін құжаттар дайындау;

·         білім алушылардың контингент қозғалымы мег үлгерімділігі бойынша мемлекеттік есеп формаларын толтыру (3НК, Ф34 және т.б.);

·         оқытудың қосымша түрлеріне деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін және академиялық қарызды немесе оқу бағдарламаларындағы айырмашылықтарды жою үшін Жазғы семестрді ұйымдастыру;

·         Білім алушылардың құжаттарын мұрағат алдында қабылдау, құжаттарды беру және қайтару;

·         транскрипттерді, академиялық анықтамаларды беру және берілген дипломдарды растау.