Ақпаратты электронды өңдеу бөлімінің жетекшісі
Байдуллаева Гаухар Хасановна

Ақпаратты электронды өңдеу бөлімінің қызметкерлері
Ақпаратты электронды өңдеу бөлімінің негізгі міндеттері:
- Заманауи компьютерлік технологиялар негізінде тест материалдарын жасау және қолдану процестеріне біркелкі ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық (бағдарламалық) ықпалды қамтамасыз ету;
- Білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін объективті бағалау мақсатында білім алушылардың білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын бағалаудың заманауи тесттік технологияларын енгізуді ұйымдастыру;
- Академиялық күнтізбеге сәйкес аралық аттестаттауды жүргізу үшін білім алушылардың білімін бағалаудың тесттік және басқа да бақылау түрлерінің мәліметтер базасын жасау;
- Тест тапсырмаларын валидациядан өткізу процесін реттеу және бақылау.
Ақпаратты электронды өңдеу бөлімінің негізгі қызметтері:
- Аралық аттестаттаудың тест тапсырмалары мен емтихан билеттерін дайындау үшін факультет/ЖМ емтихан түрлері бойынша ақпарат қабылдау;
- Факультет/ЖМ бойынша тіркеу журналына тест тапсырмалары мен емтихан билеттерін тіркеу;
- Тест тапсырмаларының, жазбаша және ауызша емтихан сұрақтарының мәліметтер базасын жасау және сақтау;
- Аралық аттестаттау кезінде тест тапсырмаларының мәліметтер базасын жұмыс күйінде сақтау;
- Аралық аттестаттау өткізу үшін тест тапсырмалары мен емтихан билеттерін өңдеу;
- Оқытушылардың өңделген тест тапсырмаларын тексеруді ұйымдастыру, тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктерді оқытушылармен жөндеу;
- Аралық аттестаттаудың барлық пәндері мен ОЖСБ пәндері бойынша студенттер арасында сынама тестілеуді ұйымдастыру және жүргізу;
- ASUVUS электронды тізбесіне барлық пәндер бойынша тест тапсырмаларының номерін енгізу;
- ОЖСБ пәндеріне жататын барлық пәндер бойынш атест тапсырмаларының базасын дайындау, қатысты пәндерді бір бағдарламаға біріктіру және компьютерлік класстарға енгізу.