Мекен- жайы: Бас ғимарат, 302 каб.
Байланыс тел.: 8(7252) 21-06-93

Студенттер қозғалысын есептеу және әкімшілендіру бөлімінің негізгі міндеттері мен атқаратын қызметтері
Студенттер қозғалысын есептеу және әкімшілендіру бөлімі келесі міндеттерді орындайды:
-Студенттерге арналған Жолсілтер анықтамасын құрастыру;
-Студенттердің қозғалысы туралы мемлекеттік есеп формаларын толтыру;
-ҚР Білім және ғылым министрлігіне білім алушылар контингенті туралы есеп беруді, ақпаратты, анықтаманы құру (ЖОО туралы мәлімет, ЖОО анықтамасы, т.б.);
-Сапа менджмент жүйесі талаптарын орындау бойынша құжаттарды дайындау және қадағалау;
-Ғылыми кеңес, Ректорат, Оқу әдістемелік кеңес, Декан сағаты мәжілістерінде қаралатын құжаттарды даярлау;
-Білім алушылардың қозғалысы туралы статистикалық есептерді жүргізу;
-Оқу үдерісін кредиттік технологиясы бойынша ұйымдастыруда профессор-оқытушы құрамына әдістемелік көмек көрсету және тиісті құжаттармен қамтамасыз ету;
-Қайта есептеуді жүргізу кезінде ЕСTS механизмі және міндеттерін сақтауды қамтамасыз ету;
-Университеттің барлық оқу түрлері (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша білім алушыларының қозғалысы туралы есеп жүргізуді ұйымдастыру;
-Қосымша оқыту бойынша қажеттілікті қамтамасыз ету үшін Жазғы семестрді ұйымдастыру және өткізу;
Студенттер қозғалысын есептеу және әкімшілендіру бөлімінің атқаратын қызметтері:
- Білім алушылардың қозғалысы туралы бекітілген формаларға сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігіне мемлекеттік есептерді дер кезінде тапсыру;
- Білім алушылардың контингенті бойынша ЖОО мәліметтері, ЖОО анықтамасын ҚР Білім және ғылым министрлігіне өткізу;
-Тіркеу кеңсесінің сапа менеджмент жүйесі процестерінің міндеттері мен мақсаттарын орындау;
-Нормативтік талаптарға сәйкес оқу процесін бақылау;
-Университеттің білім алушыларына кредиттік оқыту технологиясы нормаларына сәйкес емтихан сессиясының өтуіне комиссия ұйымдастыру;
-Университет білім алушыларынның контингенті бойынша (барлық оқу түрлері) тіркеу жүргізу;
-Білім алушылардың қозғалысы туралы бұйрықтарды (ауысу, оқудан шығару және қайта қабылдау, тегін өзгерту, қайта оқу курсына қабылдау, академиялық демалыс беру) даярлау;
-Академиялық ұтқырлық бойынша оқып жатқан білім алушыларға ЕСTS типтес кредиттерді қайта есептеу;
-Қосымша оқу түрлері бойынша қажеттілікті қамтамасыз ету үшін Жазғы семестрді өткізу;