Жазғы семестр

Жазғы семестр  

Қосымша оқыту қажеттілігін қанағаттандыру және академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жою үшін ұзақтығы 6 аптаға дейін жалғасатын жазғы семестр енгізуге рұқсат етіледі.

Курс бағдарламасынан толығымен өтіп, бірақ белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған білім алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GРА) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.